Ата-аналар баланың өсуінде дене бітімінің өзгерісіне назар аударғаны жөн.
Әсіресе, баланың көзінде төмендегідей қалыпсыздық байқалғанда, міндетті түрде
дәрігерге көрінуге асыққан дұрыс.
Бала үнемі көзін жыпылықтатса, көзіне беймалым нәрсе түсіп кеткендігін
ескерумен бірге, көзіне ақ түсу, көздің дәнекер қабықшасы қабыну сынды
ауруларда осындай белгі байқалады. Егер баланың көзін үнемі жыпылықтату
себебінен бет әлпетінде өзгеріс болса, әрі зейнін шоғырландыра алмаса, онда
бұл кішкене балаларда көп кездесетін «тынымсыздық» ауруының белгісі болуы
мүмкін. Сондықтан бұған мән бермеуге болмайды.
Егер балалар өте жарық ортада көзін жиі жұмып жүретін болса, онда бұл -
жұқпалы аурулардың белгісі болуы мүмкін. Сондықтан баланың жарықтан жасқану
белгісі байқалса, дәрігердің көмегіне сүйенген жөн.
Егер балаңыздың көзінің ағы және көзайнасы қызарып, көзінен сарғыш жас ақса,
онда қызылша шығудың алдындағы ең көрнекті белгілердің пайда болғандығының
белгісі.
Кейбір балаларда ұйқы жеткілікті болмаса да көзі ісіп кетеді.
Егер баланың көзі нұрсыз болса, ата-аналар баланың денесінің
әлсіреген-әлсіремегеніне назар аудару керек. Бұдан сырт, ас қорту нашар болу,
қан аздық, бауыр қабыну және өкпе түбірі лимфа түйіндерінің ұлғаюы қатарлы
созылмалы ауруларда, әсіресе, жақынды көре алмау ауруында жоғардағы белгі аса
көрнекті болады.
Балаңыздың көз жанарында қандай да дұрыс емес белгілер болса, онда уақыт
өткізбей, бірден дәрігерге қаралуға асығыңыз.
Әрбір тұрғын өз тіркелген емханасынан дәрігерге жолдама ала алады немесе
тікелей көз аурулары емханасына баруына болады.
Ауырғаннан - ауырмаудың алдын алыңыз!