15 қыркүйектен бастап емханаға тіркелу науқаны басталады. Яғни, әрбір азамат тіркелетін медициналық ұйымды таңдай алады. Айта кетейік, науқанның ұзақтығы екі ай, 15 қарашада аяқталады. Алғашқы медициналық-санитарлық ұйымға қосылғаннан кейін, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап тіркелген мекемеден медициналық көмек ала бастайды.
Бұл науқан Денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорында тіркелген және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық қызметтер көрсетуге құқығы бар медициналық ұйымдар арасында ғана жүргізіледі. Тіркеуге болатын емханалардың тізімін Қордың сайтынан (www.fms.kz) "емхананы таңдау" бөлімінен табуға болады. Азаматтар бұрын тіркелген емханада ағымдағы жылдың соңына дейін, яғни 31 желтоқсанға дейін медициналық қызмет алуды жалғастыратын болады.