Күз-қыс мезгілінде дәрігерлер көбірек витамин ішуге кеңес береді. Себебі күн, табиғи өнімдер және балғын жеміс-жидек қоры аз. Ал жаз – көптеген қоректік дәрумені бар жемістер, көкөністер мен жидектерден табиғи дәрумен алатын маусым. Біздің ағзамыз тек D дәруменінің өзін көп мөлшерде алады.

Дәрумен — адам ағзасындағы зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық белсенді органикалық қоспалар.

Жалпы дәрумен кез келген тірі ағзаға қажет. Оның түрі де көп. Әрқайсысының атқаратын қызметі мен беретін пайдасы да әрқилы.

Бүгінде әрқайысы белгілі бір фармакологиялық әсерге ие 13 дәруменге деген қажеттіліктің бар екені мәлім. Дұрысы тамақ өнімдерінде кездесетін дәрумендерді қабылдаған жөн. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы күніне жеміс-жидек пен көкөністің кем дегенде 5 порциясын қабылдаған дұрыс: екі жеміс-жидек порциясы және үш көкөніс порциясы дегенгі алдыға тартады. Мұндай мөлшерде ағза қажетті дәрумендер мен минералды заттарды ала алады.